Қазақстан бойынша мектеп формаларының орташа бағасы 11- 24 мың теңге аралығында тұрады - Н.Аршабеков

СТАНА. Тамыздың 18-і. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - Мектеп формаларының бағасы өткен жылмен салыстырғанда айтарлықтай қымбаттаған жоқ. Сондықтан олардың арзандауы күтілмейді. Бұл туралы бүгін «Мектеп формасы және Қазақстан педагогтарының қазіргі заманғы киім үлгісі» тақырыбында ҚР Білім және ғылым министрлігінде он-лайн режимінде өткен республикалық семинар-кеңес барысында, журналистерге берген сұхбатында ведомствоның Мектепке дейінгі және орта білім департаментінің директоры Нұрғали Аршабеков мәлім етті.
None
None

«Қазақстан бойынша мектеп формаларының орташа бағасы 11 мың мен 24 мыңның аралығында. Әрине, 24 мыңнан 40 мыңға дейін тұратын үлгілер де бар. Бірақ жалпы сұранысқа ие үлгілер 11 мың теңгеден басталады. Менің ойымша, биыл 2009 жылмен салыстырғанда бағалардың айтарлықтай шарықтауы болған жоқ», - деп атап өтті ол.

Н.Аршабековтың көзіне қарағанда, бүгінгі күні елдің 9 аймағында оқушылар бірыңғай мектеп формасына ауысты. Ал Маңғыстау мен Батыс Қазақстан облыстарында бірінші сынып табалдырығын аттаған оқушылар жергілікті бюджет есебінен киінуде. Жалпы Қазақстан нарығында балалар киімдерін шығаратын 14 өндіруші бар.

Сондай-ақ Департамент директоры мәлім еткендей, биылғы оқу жылынан бастап Қызылорда облысындағы бүтін бір аудан өз қаражаттары есебінен мұғалімдерді де бірыңғай киімге киіндірмек. ҚР Білім және ғылым министрлігі 12-15 мың теңге аралығында бағаланып отырған мұғалімдердің іскерлік киім үлгілерін бірте-бірте барлық өңірлерге енгізуді көздеп отыр.

Айта кетейік, ҚР Статистика агенттігінің мәліметтері бойынша 2010 жылғы шілдеде Қазақстан Республикасында күнкөрістің ең төменгі деңгейі 13 743 теңгені құрады. 0-13 жас аралығындағы балалар үшін ол - 10 771 теңгені; 14-17 жастағы жасөспірімдерге, оның ішінде ұлдарға - 17 378 және қыздарға - 13 315 теңгені; 18 жастан асқан, еңбекке қабілетті: ерлер үшін - 16 429 және әйелдерге - 13043 теңгені; сондай-ақ зейнеткерлер мен қарт адамдарға - 12879 теңгені құрады.

Соңғы жаңалықтар