Қазақстан бойынша ораза айт намазы оқылатын уақыт белгілі болды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сағындырған Рамазан айының да аяқталуына аз қалды. 21 сәуір – Ораза айт мейрамы. ҚазАқпарат мүфтият дайындаған осы күні оқылатын Ораза айт намазының еліміз бойынша кестесін назарларыңызға ұсынады.

Еске сала кетейік, Рамазан айы 23 наурызда басталды.

Ал сәуір айының 17-нен 18-іне қараған түн – қасиетті Қадір түні болды.

21 сәуір – ораза айт мерекесі.

Биылғы пітір садақасы жан басына 535 теңге болып бекітілген.

Пітір садақасы мөлшері еліміз бойынша екі келі ұнның ортақ бағасы негізінде белгіленді. Пітір садақасын құрма, мейіз бағасымен беруге де болады.


Соңғы жаңалықтар