Қазақстан бүгінде БҰҰ-ның талаптарына толық жауап береді және осы халықаралық ұйымның ұстанымдарына құрметпен қарайды

ТАНА. 18 қараша. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - «Қазақстан бүгінде Біріккен Ұлттар Ұйымының талаптарына толық жауап береді және осы халықаралық ұйымның ұстанымдарына құрметпен қарайды»,
None
None

деді Сербияның Сыртқы істер министрі Вук Еремич. Бұл пікірін ол бүгін еліміздің Сыртқы істер министрі Ержан Қазыхановпен болған кездесуінен соң журналистерге берген сұхбатында мәлім етті.

«Біз бүгін Сыртқы істер министрімен жақсы келіссөздер жүргіздік. Мен бүгін сонымен қатар Қазақстанның Үкімет басшысымен және Ауыл шаруашылығы министрімен кездесемін. Бұған қоса Қазақстан мен Сербия арасындағы қарым-қатынастардың өте жақсы екендігін қуана жеткіземін. Біздің арамызда қандай да бір пікір қарама-қайшылығы жоқ. Ал халықаралық деңгейде біз-бір-біріміздің толықтай қолдап отырмыз. Меніңше алдағы уақытта біздің әріптестігіміз, біздің достық қатынастарымыз тек даму үстінде болады»,-деді Сербия Сыртқы істер министрі.

Сонымен қатар ол Қазақстанға Косово мәселесі бойынша ұстанымы үшін алғысын білдірді. «Сербия өзінің тарапынан Қазақстанды қашан да қолдайтын болады. Бұл тек Косово мәселесі үшін ғана жасалып отырған игі қадам емес. Қазақстан бүгінде БҰҰ-ның талаптарына толық жауап беретін және осы халықаралық ұйымның ұстанымдарына құрметпен қарайтын мемлекет. Жалпы Қазақстан өте қарқынды дамып келе жатқан ел. Мен бүгін осы елдің астанасының көркін тамашаладым. Қазақстанның бүгінгі өсу қарқыны таң қалдырады. Бұл әрине, Қазақстан басшысының ерен еңбегінің нәтижесі. Мен болашақта Қазақстан мен Сербия қатынастары екі елдің дамуына ықпал етіп, тек жетілу үстінде болады деген үміттемін»,-деді мәртебелі мейман.

Соңғы жаңалықтар