Қазақстан БҰҰ Бас Ассамблеясының Израиль шекарасына қатысты резолюциясын қолдады

Қазақстан БҰҰ Бас Ассамблеясының Израиль шекарасына қатысты қарарын қолдады. Қарарға сәйкес, Израиль 1967 жылғы шекараға оралуға шақырылды, деп хабарлайды Kazinform ұйымның сайтына сілтеме жасап.

UNGA
Photo: aa.com.tr

Дауыс беру Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 78-сессиясы барысында өтті. Құжатқа 91 ел дауыс берді. Олардың қатарында Ресей, Бразилия, Үндістан, Қытай және Сауд Арабиясы бар. Сегіз мемлекет қарсылық білдірді, олардың қатарында АҚШ пен Ұлыбритания бар. 62 ел қалыс қалды. Қарарды бірлесіп жазған елдер қатарында Алжир, Венесуэла, Египет, Иордания, Ирак, Катар, Солтүстік Корея, Куба, Кувейт, Ливан, Мавритания, БАӘ, Сирия және Тунис бар.

Бас ассамблея қарарларының БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі қарарларынан айырмашылығы – міндетті күші жоқтығында.