Қазақстан БҰҰ Даму бағдарламасының өзара іс-қимылын қолдайды - Елбасы

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Біріккен Ұлттар ұйымы Даму бағдарламасының өзара іс-қимылын қолдайды. Бұл туралы бүгін Ақордада БҰҰ Даму бағдарламасының Қазақстандағы тұрақты өкілі, БҰҰ-ның тұрақты үйлестірушісі

Норимаса Шимомурадан сенім грамотасын қабылдаған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты.
«Қазақстан Үкіметі мен БҰҰ арасындағы 2016-2020 жылдарға арналған негіздемелік серіктестік бағдарламасы да ынтымақтастықтың жаңа, сапалы деңгейге шыққанын көрсетеді. БҰҰ Даму бағдарламасының өзара іс-қимылы үш векторды қамтиды. Оны Қазақстан қолдайды. БҰҰ-ның Семей облысын аймақтық дамыту жөніндегі бірлескен бағдарламасын оң бағалаймыз», - деді Н.Назарбаев.

Айта кетейік, бүгін Ақордада ҚР Президентіне БҰҰ Даму бағдарламасының Қазақстандағы тұрақты өкілі, БҰҰ-ның тұрақты үйлестірушісі Норимаса Шимомура, Израиль Елшісі Михаил Бродский, Өзбекстан Елшісі Икром Назаров, Әзербайжан Елшісі Рашад Маммадов, Таиланд елшісі Нат Пиньоваттаначип сенім грамотасын табыс еткен болатын.

Соңғы жаңалықтар
telegram