Қазақстан БҰҰ-мен визасыз режімді қабылдаған әлемнің 26 мемлекетінің қатарына қосылып отыр - Ханаа Сингер

АСТАНА. Қыркүйектің 17-cі. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Қазақстан БҰҰ-мен ынтымақтастық мақсатында визасыз режімді қабылдаған әлемнің 26 мемлекетінің қатарына қосылып отыр.
None
None

Бұл туралы бүгін Қазақстан Республикасының Үкіметі мен БҰҰ арасындағы БҰҰ паспорттарының (Laissez-Passer) иелерін визалық талаптардан босату туралы келісімге қол қойғаннан кейін, ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы Өкілі Ханаа Сингер ханым осылай мәлім етті.

«Менің ойымша, бүгін БҰҰ-ның Қазақстандағы өкілдігі үшін де ерекше тарихи күн. Бүгінгі күні Қазақстанда БҰҰ-ның 13-ке тарта ведомствосы жұмыс істейді. Алдағы уақытта осы елде қызмет атқаратын ведомстволар саны, әсіресе, Алматыда өсе түседі. Біз ол жерде БҰҰ-ның өңірлік орталығын құруға ниеттіміз. Бүгінгі күні Қазақстан БҰҰ-мен ынтымақтастық мақсатында визасыз режімді қабылдаған әлемнің 26 мемлекетінің қатарына қосылып отыр. Бұлардың басым бөлігі еуропалық мемлекеттер. Жалпы, келісімге қосылудың өзі Қазақстанның БҰҰ рөліне үлкен мән беріп отырғанын көрсетеді», деді ЮНИСЕФ өкілі.

Сонымен бірге, Х. Сингер ханым Қазақстан Үкіметі тарапынан БҰҰ-ға қатысты көрсетіліп отырған ықыласқа ризашылығын білдірді. «Мен бұндай жағымды жағдайда БҰҰ-ның көптеген ведомстволары өздерінің кеңселерін Алматыда аша түсу мүмкіндігін қарастырады және Қазақстанда жұмыс істеуге ниеттенеді деп ойлаймын», - деді Х. Сингер.

Сондай-ақ СІМ Жауапты хатшысы Рәпіл Жошыбаев бүгінгі күні ҚР Мемлекеттік хатшысы-Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаевтың сапармен Нью-Йоркте жүргендігін айттты. «Мен БҰҰ Бас хатшысымен кездесу барысында Қ. Саудабаев бұл жаңалықты Пан Ги Мунға жеткізеді және Қазақстан мен беделді ұйым арасында өзара қарым-қатынасты дамытудың маңызды қадамы жасалғанын атап өтеді деп ойлаймын», деді Р. Жошыбаев.

Соңғы жаңалықтар