Қазақстан чемпионатында «Атырау» бірінші орынға шықты

ОРАЛ. Ақпанның 16-сы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Ұлттық лиганың волейболдан ерлер командалары арасында ХVІІ Қазақстан чемпионатының Атырауда өткен төртінші турынан кейін «Атырау» командасы бірінші орынға шықты,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі «Конденсат» волейбол клубынан түскен мәліметке сілтеме жасап. «Атырау» өз алаңындағы төрт кездесуде де жеңіске жетті. Барлық қарсыластарын, соның ішінде ел чемпионы «Алматыны» да 3:0 есебімен ұтты. Қазір осы екі команданың 30-дан ұпайы бар. Бұл турда Оралдың «Конденсаты» да жаман өнер көрсеткен жоқ. Оралдықтар «Алматы» мен «Атыраудан» ұтылғанымен, «Казхромды» (Хромтау) 3:2, «Есілді» (Петропавл) 3:0 есебімен тізе бүктірді. Батысқазақстандықтардан байланыстырушы Виктор Кучинский үздік ойыншы атанды. «Казхром» 21 ұпаймен үшінші орында келе жатса, одан бір ұпайы кем «Конденсат» төртінші, «Есіл» (19 ұпай) бесінші сатыда тұр. Соңғы тур ойындары наурыздың 5-11-інде Оралда өтеді.
Соңғы жаңалықтар