Қазақстан дағдарыс уақытында пайда болған жаңа көшбасшылардың бірі - «Дағдарыс уақытындағы әлем» институтының зерттеуі

rong> Шілденің 9-ы. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ -Қазақстан әлемдік қаржы жүйесіндегі негізгі ойыншылардың біріне       айналуы мүмкін. Қазірдің өзінде көптеген әлемдік айтулы сарапшылар Қазақстанды  дағдарыс уақытында әлем экономикасында пайда болған «жаңа қаһармандардың» бірі ретінде таниды.
None
None

  

 Бұл туралы бүгін Алматыда өткен баспасөз мәслихатында ресейлік «Дағдарыс уақытындағы әлем»  институтының директоры Екатерина Шипова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Екатерина Шипованың пайымдауынша, Қазақстанның әлемдік қаржы нарығында көшбасшы болу мүмкіндігі институттың «Дағдарыс уақытындағы әлемдік қаржы сәулеті: шешімдердің тиімділігі» атты зерттеулерінде де көрініс тауып отыр. Жаһандық сараптама 51 елдің 223 түрлі сала өкілдерінің қатысуымен жасалған.

«Зерттеу қорытындысы бойынша Қазақстанның дағдарысқа қарсы  бағдарламасы посткеңестік елдер ішінде Ресейден кейін әлемдік сарапшылар назарын көп аударған. Зерттеуге қатысқан сарапшылар қазіргі дағдарыс уақытында әлемде «жаңа көшбасшылар» пайда болғанын айтады. Қазақстан осы жаңа көшбасшылар қатарынан, ал Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Премьер-Министр Кәрім Мәсімов жаңа толқынның көшбасшылары қатарынан көрініп отыр», дейді Е.Шипова.

         Зерттеуде әлемдік қаржы элитасы Қазақстанды болашақ әлемдік қаржы орталығының бірі ретінде атаған. Ал сарапшылардың назарын ең көп аударған жайт, Қазақстан Президентінің әлемдік қаржы жүйесін реформалау туралы пікірі болған.

         «Қазақстанның 2007-2009 жылдар аралығындағы дағдарысқа қарсы күрес саясаты, Қазақстанның әлемдік валюта  қорынан тәуелсіздігі, қазіргі тұрақтылық - Қазақстанның болашақтағы көшбасшылығының белгісі. Зерттеу көрсеткендей, сарапшылардың пікірінше, бүгінде дамушы мемлекеттер арасында көшбасшы жоқ. Қытай жаңа жаһандық держава ретінде көрініс табатындықтан, ол орынға қоя алмаймыз. Сондықтан бұл мәртебе Қазақстанға бұйыруы мүмкін», дейді Е.Шипова.

Соңғы жаңалықтар