13:46, 09 Қараша 2011 | GMT +5
Қазақстан даму банкі ел экономикасына 10 млрд. доллардан астам қаржы тартты
ТАНА. 9 қараша. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Қазақстан даму банкі ел экономикасына 10 млрд. доллардан астам қаржы тартты.
Бұл туралы бүгін Қазақстан даму банкінің 10 жылдық мерейтойына арналған халықаралық конференция барысында Экономикалық даму және сауда министрі Қайрат Келімбетов айтты.
Оның атап өтуінше, еліміздің Даму банкі ШЫҰ елдерінің даму банктерінің банкаралық бірлестінде жетекші рөл атқарады. «Меніңше болашақта дағдарыс толқыны бола қалған жағдайда осындай қуатты қаржы институттары жетекші рөл атқаратын болады», - деді ол.
Жалпы Қ.Келімбетовтің алға тартқан деректеріне қарағанда, еліміздің бұл қаржы ұйымы 10 жылдың ішінде Қазақстан экономикасына 10 млрд. доллардан астам қаржы тартқан. «Яғни, біз Даму банкі бөлген 1 долларға қосымша 1-3 доллар қаржы тарттық», - деді министр.