Қазақстан даму банкінің несиелік рейтингі артты - Үкімет басшысы

ТАНА. 9 қараша. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Қазақстан даму банкінің несиелік рейтингі артты. Бұл туралы бүгін Астанадағы Қазақстан даму банкінің 10 жылдығына арналған «Экономиканы жаңғырту мақсатында инвестицияларды ынталандыру» атты халықаралық конференцияда Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов мәлім етті.
None
None

«Біз бүгін таңертең жақсы жаңалықты естідік. Кеше кешке «Standart&Poors» агенттігі Қазақстан даму банкінің несие рейтингін көбейтуге шешім қабылдады. Осы жетістік бойынша баршаларыңызды құттықтаймын», - деп атап өтті ҚР Премьер-Министрі.

Айта кетейік, бүгінгі халықаралық конференцияның мақсаты мемлекеттің бизнесті қолдау мәселелеріне арналып отыр. Атап айтқанда, даму институттарының макроэкономикаға және мемлекеттің инвестициялық ахуалға қосатын үлесі тұрғысындағы шаралар талқылануда.

Сонымен қатар, осы алқалы жиынға қатысушылар Қазақстан өңірлерінің инвестициялық мүмкіндіктерін кеңейтуге назар аударды.

Жалпы конференция жұмысына 250-ден астам адам қатысуда. Оның ішінде мемлекеттік органдардың, халықаралық және қазақстандық даму институттарының, қаржылық мекемелер, тәуелсіз бизнес қауымдастықтардың өкілдері қатысып жатыр. Мұнымен қоса, шетелдік қонақтар мен спикерлер арасында Қытай экспорттық-импорттық банкі, Дүниежүзлік банк, Еуропалық инвестициялық банкі, сондай-ақ, басқа да әлемдік ірі банктердің топ-менеджерлері бар.

Соңғы жаңалықтар