Қазақстан Даму банкінің жаңа Басқарма мүшесі-Атқарушы директоры тағайындалды

АСТАНА. Мамырдың 31-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ ‑ «Қазақстан Даму банкі» АҚ Директорлар кеңесінің 2010 жылғы мамырдың 28-індегі шешімімен Міржан Қарақұлов Қазақстан Даму банкінің Басқарма мүшесі-Атқарушы директоры болып тағайындалды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Міржан Елдесұлы Қарақұлов Қазақстанның менеджмент, экономика және болжау институтының (КИМЭП) түлегі. ҚР Президентінің «Болашақ» халықаралық бағдарламасының стипендиаты, Вандербилта университетін (АҚШ) экономика саласы бойынша магистр деңгейінде өте жақсыға бітірген.

М. Қарақұлов Қазақстан Даму банкіне қызметке орналасқанға дейін, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ, «Самұрық» АҚ Холдингі «Қазақстан даму банкі», «Қазақстанның ұлттық банкі» АҚ аудит пен тәуекел-менеджменті салалары бойынша жұмыстар атқарды. 2009 жылдың шілдесінен бастап Даму банкі тәуекел-менеджменті департаментінің директоры қызметін атқарып келеді.

Қазіргі күні операциялық қызметтер, бюджеттік жоспарлаулар мен бақылау, қаржы ұйымдарымен корреспонденттік қатынастар орнату мәселелерін басқарады.

Соңғы жаңалықтар