Қазақстан дамуының жаңа кезеңі жаңа міндеттер қойып отыр - Қасым-Жомарт Тоқаев
![None None](/static/img/plug.webp)
Қазақстан дамуының жаңа кезеңі жаңа міндеттер қойып отыр, оны бірлесіп отырып қана тиімді шешуге болады. Бұл бағыттағы жұмыстың тұңғырнамасы - ҚР Конституциясы, онда мемлекетіміздің негізгі құқықтық ұстанымдары мен өмір сүру нормалары белгіленген, деп атап өтті Қ.Тоқаев. Ол солтүстікқазақстандықтардың ел экономикасын нығайтуға елеулі үлес қосып отырған қажырлы еңбегіне жоғары баға берді.
Конституцияға 2007 жылы енгізілген өзгертулер жерглілікті өзін-өзі басқаруға байланысты мәселелерді ойдағыдай шешіп отыруға игі ықпал етті. Парламент пен мәслихаттардың өкілдіктерін күшейту, партиялардың рөлін нығайту, азаматтық қоғам институттарын дамыту - мұның бәрі қоғамның мемлекетті басқаруға бұрынғыдан да белсенді қатысуын қамтамасыз етеді, азаматтардың қоғамдық саяси белсенділігін ынталандырады, - деді Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Серік Біләлов.