«Қазақстан дауысы» мегажобасының бас жүлдесі үшін күрес басталып кетті

Ал бүгін, 23 мамырда Астана қаласындағы іріктеу кезең «Ramada plaza» қонақүйінің ғимаратында, Алматы қаласында 28-29 мамырда Әл-Фараби даңғылы, 176 мекен-жайында орналасқан «Қазақфильм» киностудиясы ғимаратында өткізіледі. Бас жүлде - 5 млн. теңге. Жобаға 18 бен 50 жас аралығындағы орындаушылар қатыса алады.
Аталған жобаның өзге байқаулардан ерекшелігі, бұл байқау қатысушылардың тек дауысқа сүйеніп, бақ сынайтындығы. Еліміздің танымал жұлдыздары алғашқы тыңдау сынағында жүзден астам қатысушылардың ішінен үздіктерін таңдап, төрт команда құрайтын болады. Ақтық мәреге төрт үміткер қатысады, олардың ішінен үздік орындаушы SMS-дауыс беру арқылы анықталады.
Финалға дейінгі әр бір кезеңде үміткерлер кәсіби команда тәлімгерінен сабақ алады. Таланты мен тәлімгерден алған білімінің арқасында алға озған үміткер жеңімпаз атанары сөзсіз.
Бұл жоба The Voice of Holland (Нидерланды) немесе «Голос» түпнұсқалық форматының қазақстандық нұсқасы, 2013 жылдың жазында басталды. «Қазақстан Дауысы» жобасының алғашқы маусымының жеңімпазы - Қостанай облысының тумасы 27 жастағы Шахаризат Сейдахмет. Орындаушының тәлімгері - Нұрлан Албан. Көрермендердің таңдауы бойынша, «Қазақстан дауысы» танымал музыкалық жобаның екінші маусымының жеңімпазы атағына және 5 млн теңгеге Алмас Кішкенбаевтың тобындағы Бауыржан Ретбаев ие болды.
«Қазақстан Дауысы» 3 кезеңнен тұрады. Бірінші кезең - барлық қатысушыларды тыңдау арқылы әділқазылардың әрқайсысы төрт топ құрады. Екінші кезеңде әр түрлі топтардың мүшелерінен құралған жұптық сайыс өткізіледі. Үшінші кезеңде жеңімпаздарды халық SMS-дауыс беру арқылы анықтайтын болады.
Тележобаға қатысып, бағымды сынаймын деген үміткерлер Алматы қаласындағы +7 727 250-65-61 телефоны немесе www.thevoice.kz сайты арқылы толық ақпарат алуына болады.