Қазақстан дайверлері Марқакөл қорығының басшылығымен ынтымақтастық туралы келіссөз жүргізуде

ӨСКЕМЕН.  Қыркүйектің 2-сі. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ -  Шығыс  Қазақстанда  орналасқан    Марқакөл    қорығы     33 жылдығын  атап өтті.
None
None

Қорықтың  негізгі мақтанышы - сұлулығына   көптеген ғасырлар бойы  адамдарды тәнті етіп  келе  жатқан      Марқакөл көлі.   Онда    сирек кездесетін   сияқты балықтар   тіршілік етеді.

Марқакөл  мемлекеттік  табиғи  қорығының  директоры Жанат  Арханованың  айтуынша,  резерваттың   міндеттерінің бірі - көлді және және    балықтың  бағалы  тұқымдарын сақтау. Көлде тек   жағалауда  орналасқан  елді мекендердің  тұрғындары  ғана    балық аулауға болады  және   оларға  да    белгіленген  лимит бар.  Заң бұзушылықтар үшін айыппұлдар  да  қарастырылған.  «Бірақ  та,   басты  проблема  да  осыда  болып тұр.   Демалуға  келген туристердің     қармақ  салудан  тартынып қалатыны кемде-кем.  Шетелдіктердің де      балық  аулауға    рұқсат сұрап,  ұстаған балықтарын    міндетті түрде  қайта суға жіберуге  уәде берген  кездері де болды», - дейді қорық  директоры.

Ж.Арханова   сондай-ақ,  қорық инспекторларының  жұмыстарын ынталандыру  үшін  бірқатар шаралар қабылданып   жатқанын:   жаңа форма,  ақшалай ынталандыру,      жұмыс нәтижелеріне баға беру сияқты  шаралар  қабылданатынын айтып   отыр.   Туристік    бағыттар   бойынша да    үлкен өзгерістер күтіп тұр.

«Адамдардың  бізге  табиғатты тамашалау үшін  келетіні құпия  емес,   ал  біз  оларға    ойлы-қырлы  жолдар  мен     сапасыз  сервистен  басқа ештеңе  ұсынып отырған жоқпыз.   Бірақ  жақын  арада  Марқакөл қорығындағы жағдай  өзгереді  деген үміттеміз», -  дейді   С.Арханова.

Мәлім болғандай,     Марқакөлге  Қазақстан дайверлері   ықылас   аударып отырған  көрінеді.   Қазір олар   қорық басшылығымен   ынтымақтастық туралы  келіссөз жүргізуде.  Болашақ әріптестік шарттары екі  жақ үшін де   тиімді  болмақ:   дайверлерге  Марқакөлге  келуге  және  өз   шараларын өткізуге  рұқсат  беріледі, ал олар өз  кезегінде  су  жолы бағыттарының     төлқұжатын   дайындайды.

Соңғы жаңалықтар