Қазақстан делегациясы Берлиндегі ІТВ-2013 Бүкіләлемдік туризм индустриясы көрмесіне қатысты

АСТАНА. 12 наурыз. ҚазАқпарат - 2013 жылғы 6-10 наурыз аралығында Берлинде әлемдегі ең ірі халықаралық туристік форум және саяхаттар салаcының даму жолдары мен үрдістерін айқындайтын кезекті 47-ші ITB-2013 Халықаралық туризм биржасы өтті.
None
None

Бұл туралы ҚР СІМ-нің баспасөз қызметінен мәлім етті.

Биржа жұмысына түрлі туристік бизнес салаларының өкілдері, соның ішінде жауапты мемлекеттік мекемелер, туристік агенттіктер және операторлар, әуе компаниялары, қонақ үйлер және т.б. қатысты. Биылғы жылы көрмеде 180-нен астам елден 11 мыңға жуық ақпараттық стенд ұсынылды.

Іс-шараға дәстүр бойынша қазақстандық делегация да қатысты. Оның құрамында ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Туризм индустриясы комитеті, Астана ЕХРО-2017 корпорациясы, Қазақстандық индустрияны дамыту институты және «Эйр Астана» әуе компаниясының жетекші өкілдері болды.

Аталған шара Қазақстан мен Германия арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамытуға айтарлықтай үлес қосатын болады.

Оның аясында делегация мүшелері шетелдік БАҚ және туристік компаниялардың қарымды өкілдерімен бірнеше кездесулер өткізді, Ұлы Жібек Жолы мемлекеттерінің туризм саласы министрлері саммитіне қатысып, аталмыш саладағы әлеуетті ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады және маңызды уағдаластықтарға қол жеткізе алды. Көрме аясында «KazNex Invest» Ұлттық агенттігі туризм саласындағы серпінді инвестициялық жобалардың таныстырылымын өткізді.

Көрме барысында өткізілген шығармашылық сайыстың қорытындысы бойынша, ЭКСПО-2017-ге арналған қазақстандық бейнетүсірілім бірінші орынды иеленіп, арнайы жүлдемен марапатталды.

Соңғы жаңалықтар