13:07, 21 Қазан 2013 | GMT +5
Қазақстан делегациясы Грузиядағы президенттік сайлауды бақыламақ
АСТАНА. 21 қазан.ҚазАқпарат - 27 қазанда қазақстандық делегация халықаралық миссия құрамында Грузияда өтетін президенттік сайлауға байқаушы ретінде қатысады.

Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев мәлім етті.
Оның атап өтуінше, қазақстандық делегация құрамында Парламент депутаттары, Орталық сайлау комиссиясының мүшелері және ҚР Сыртқы істер министрлігінің өкілдері болады.