Қазақстан делегациясы ҚР Президенті Н.Назарбаевтың ескерткішін ашу салтанатына қатысу үшін Анкараға келді

АСТАНА. Маусымның 24-і. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Орал Мұхамеджанов бастаған қазақстандық ресми делегация Түркия Анкараға келді, деп хабарлайды Мәжілістің баспасөз қызметі.
None
None

Қазақстан делегациясы бүгін Түркияның Ұлы Ұлттық Жиналысының Төрағасы Мехмет Әли Шахин мен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Орал Мұхамеджанов Анкарада орнатылған Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті - Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ескерткішін салтанатты түрде ашатыны көзделуде.

Сонымен қатар сапар бағдарламасы аясында қазақстандық делегация Түркияның Ұлы Ұлттық Жиналысын да тамашаламақ.

Қазақстан делегациясы жұмыс бағдардарламасына сәйкес Анкара қаласының әкімі Мелих Гекчекпен жүздесті. Кездесуде Қазақстан мен Түркия елдері арасындағы ынтымақтастық байланысты дамыту мәселелері сөз болды. Астана мен Анкара қалаларының сәні мен сәулетін арттыру жайы, туыс халықтардың мәдени-рухани қарым-қатынасын жақындастыру түсу туралы ойлар қозғалды.

Соңғы жаңалықтар