Қазақстан делегациясы Ташкентте өтетін «Корея Республикасы-Орталық Азия» атты форумға қатысады

ТАШКЕНТ. 14 қараша. ҚазАқпарат /Құрмат Самархан/ - 15 қараша күні Өзбекстан астанасында «Корея Республикасы - Орталық Азия» атты ынтымақтастық жөніндегі форумның бесінші отырысы өз жұмысын бастайды,
None
None

деп хабарлайды Өзбекстанның бұқаралық ақпарат құралдары.

Қазақстан, Корея Республикасы, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан елдерінің делегациялары екі күн бойы ынтымақтастықты дамыту жөніндегі мәселелер бойынша пікір алмасады.

Бүгін Ташкентке келетін Қазақстан делегациясын ҚР Сыртқы істер министрлігінің ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Дулат Бәкішев басқарады деп жоспарлануда.

Соңғы жаңалықтар