Қазақстан дінді сылтаулатқан түрлі зұлымдықтарға жол бермеуге шақырады - АҚШ Конгрессмені Элси Хастинг

АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ Конгрессмені Элси Хастингс Астанадағы «Дін - терроризмге қарсы» халықарлық конференциясына орай ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Қ.Тоқаевтың атына хат жолдады. Онда Конгрессмен арнайы шақыру алғанымен конференцияға қатыса алмайтындығына өкініш білдірген.
None
None

Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметі хабарлады.

«Конференцияда дін уағыздау еркіндігін барлық тәртіпке сай қамтамасыз ету жолын қуған әлемнің саяси және діни басшылары бас қосады. Олар өздерінің құнды уақытын діннің зорлық пен зомбылық құралы ретінде пайдаланылуын болдыртпау жолдарын талқылауға жұмсайды.

Ислам, христиан, буддизм, иудаизм, индуизм және даосизм секілді түрлі діндер өкілдерінің қатысуымен Қазақстан 2003-2012 жылдары аралығында төрт маңызды басқосулар өткізді. Алдағы конференцияны ұйымдастырып, Қазақстан өңір мен әлемді барлық діндерді қадірлеуге және дінді сылтаулатқан түрлі зұлымдықтарға жол бермеуге шақырады.

Спикер мырза, Президент Назарбаевтың басшылығымен Қазақстан тәуелсіздігінің алғаш жылдарынан бастап, діни толеранттылықты ілгерілетуде басшылық танытты. Бұл мирас алдағы «Дін - терроризмге қарсы» конференциясында өз жалғасын табады және оның болашағы зор деп сенімдімін. Достарыма конференцияда сәттілік тілеймін және олардың айтулы істерін құптаймын!», - делінген Элси Хастингінің хатында.

Соңғы жаңалықтар