Қазақстан Дүниежүзілік мұнай кеңесінің конгресін өткізуге лайықты ел - ДМК президенті Р. Бертани

Бұл туралы бүгін Астанада ДМК мәжілісінен кейінгі баспасөз мәслихатында аталмыш кеңестің президенті Ренато Бертани мәлім етті.
«Қазақстан алдағы ДМК конгресін өткізуге лайықты кандидат деп нақты айта аламын. Біз алдағы конгрестерді өткізуге ниетті барлық мүше-мемлекеттерден өтінімдерді қуана қабылдаймыз», - деді ол.
ДМК президентінің сөзіне қарағанда, 2014 жылы Мәскеудегі конгерстен кейін келесі конгресс 2017 жылы ұйымдастыралады. Айта кетейік, бұл алқалы жиын араға 3 жыл салып өткізіледі. «Атап айтқанда Астана осындай деңгейдегі шараны қабылдауға толығымен дайын. Осы орайда Қазақстан Республикасы тарапынан конгресті өткізуге өтінім жасалып жатса, біз оны қуана қабылдаймыз. Әрине, тиісті шешім ашық дауыс беру арқылы қабылданады», - деді Р. Беркани.
Сонымен қатар ол Қазақстанмен арадағы ынтымақтастық тетіктері әзірленгенін жеткізді. Бұл тұрғыда Қазақстанда өзара мүдделерге арналған семинарды алдағы жылы өткізу жоспарланып отыр. «2014 жылы ДМК конгресі Мәскеуде өтетіні мәлім. Қазіргі кезде осы шараға дайындық белсенді жүріп жатыр», - деп түйіндеді Р. Бертани.