16:50, 09 Шілде 2009 | GMT +5
Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруге байланысты мәселелерді ретке келтірді
АСТАНА. Шілденің 9-ы. ҚазАқпарат /Айдын Бәймен/ - Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруге қатысты мәселелерді ретке келтіріп отыр.

Бұл пікірді бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің Қаржы және бюджет комитетінің төрайымы Гүлжан Қарағұсова айтты. Ол Еуропалық Комиссияның Қазақстан Республикасындағы өкілдерімен кездескен болатын, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Меймандардың сұрағына жауап берген Гүлжан Қарағұсова: «Қазақстан мен Ресей елдері Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруге байланысты келіссөздерді бітірді деп айтуға толық негіз бар. ДСҰ-ға кірген барлық елдермен келісімдер жасалды»,- деді.
Мәжіліс депутаты Дүниежүзілік сауда ұйымының талаптарына жауап беру үшін ел өнімдерінің сапасын арттыру секілді ішкі жұмыстардың бар екенін айтып өтті.