Қазақстан джиу-джитсудан әлем чемпионатында жалпы есепте бірінші орын алды
АСТАНА. KAZINFORM – Таиланд астанасы Бангкок қаласында өтіп жатқан джиу-джитсудан әлем чемпионатында ересектер арасындағы жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды.
Байрақты бәсекеде Қазақстан құрамасы тамаша нәтиже көрсетіп, жалпыкомандалық есепте 1-орынды иеленді. Ерлер және әйелдер құрамасының спортшылары 11 алтын, 16 күміс және 13 қола медаль жеңіп алды.
Қазақстанның чемпиондары:
- Талант Тоқтыбаев (контакт, 85 кг),
- Ақбар Елубайұлы (контакт, +94 кг),
- Ақжүніс Өтебаева (контакт, 57 кг),
- Мақсат Төленді (ноу ги, 85 кг),
- Мақсат Мұратұлы (ноу ги, 56 кг),
- Атакелді Есетов (ноу ги, 62 кг),
- Аслан Қанатбек (хиф контакт, 62 кг),
- Әбу-Бәкір Жәнібек (хиф контакт, 69 кг),
- Жібек Құлымбетова (неваза, 48 кг),
- Шерхан Жақсылық (хиф контакт, 85 кг),
- Бекзат Баймұратов (хиф контакт, 77 кг).
Жалпыкомандалық есеп:
-
Қазақстан — 11 алтын, 16 күміс, 13 қола
-
Бейтарап атлеттер командасы — 10 алтын, 7 күміс, 17 қола
-
Вьетнам — 8 алтын, 7 күміс, 10 қола
-
Германия — 7 алтын, 3 күміс, 4 қола
-
Бразилия — 6 алтын, 7 күміс, 4 қола
Айта кетейік, чемпионат 14 қарашаға дейін жалғасады. Алдағы күндері U16, U18 және U21 жас санаттары бойынша жекпе-жектер өтеді. Ересектер арасындағы бәсекеге 59 мемлекеттен 1100-ге жуық спортшы қатысты.
Қазақстанда джиу-джитсу мемлекет тарапынан басымдық берілген спорт түрлерінің бірі саналады. Соңғы жылдары бұл спорт жаппай дамып, кең қолдау тапты. Отандық спортшылар Азия ойындары мен әлемдік додаларда тұрақты түрде жоғары нәтижелер көрсетіп келеді.
Еске салайық, 22 жасар қазақ конькиші Қытай ұлттық құрамасы қатарына қосылды.