Қазақстан дзюдо құрамасы Бразилиядан ұтылды

ПАРИЖ. KAZINFORM — Франция астанасы Париж қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында бүгін дзюдодан аралас командалық белдесулер өтті.

дзюдо
Фото: Владислав Семенов/ҰОК

Қазақстан құрамасы Бразилия құрамасына қарсы күресте қарсыластарына 4:2 есебімен жол берді. 

дзюдо
Фото: Владислав Семенов/ҰОК

Париж олимпиадасында дзюдодан аралас командалық жарыста Қазақстан құрамасы Бразилиядан жеңіліп, жарысты аяқтады — 2:4. 

57 келіде Абиба Әбужақынова Силва Рафаэльден жеңілсе, 73 келіде Данияр Шамшаев Даниель Гарнинді жеңіп, есепті теңестірген. 

дзюдо
Фото: Владислав Семенов/ҰОК

70 келіде Есмигүл Куюлова Кэтлин Куадростан жеңіліп қалды. 

90 келіде Абылайхан Жұбаназар Рафаэль Македо қолын тартып, иппон әдісімен жеңіп кетті — 2:2. 

дзюдо
Фото: Владислав Семенов/ҰОК

Бірақ +70 келіде Кәмила Берліқаш Беатрис Соузаға, +90 келіде Нұрлыхан Шархан Леонардо Консалвеске есе жіберді.

Командалық аралас белдесулерде Қазақстан намысын әйелдерден Әбиба Әбужақынова, Камила Берліқаш, Эсмигүл Куюлова қорғаса, ерлерден Данияр Шамшаев, Абылайхан Жұбаназар, Нұрлыхан Шархан сынға түсіп жатыр.

дз
Фото: Владислав Семенов/ҰОК

Жалпы Париж Олимпиадасына ерлерден 5, әйелдерден 3 дзюдошы келген.

Олардың арасынан жекелей жарыстарда Елдос Сметов чемпион атанса, Ғұсыман Қырғызбаев қола медаль жеңіп алды.

Сборная Казахстана по дзюдо
Фото: Владислав Семенов/ҰОК

Әйелдер арасында ең үздік нәтижені Әбиба Әбужақынова тіркеді. Ол қола медаль үшін белдесуде қарсыласына жол беріп, 5-орынды қанағат тұтты.

Осылайша, қазақ дзюдошылары Олимпиада ойындарын 1 алтын, 1 қола медальмен аяқтаған еді.

дзюдо
Фото: Владислав Семенов/ҰОК

 

Соңғы жаңалықтар