Қазақстан дзюдодан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатын екі жүлдемен аяқтады

АСТАНА. KAZINFORM – Тәжікстан астанасы Душанбеде дзюдодан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты аяқталды. 

Қазақстан дзюдодан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатын екі жүлдемен аяқтады
Фото: ҰОК

Ұлттық олимадалық комитеттің мәліметінше, Қазақстан командасы аталған турнирде екі жүлдеге қол жеткізген. 

Атап айтқанда, қазақстандық спортшы Талғат Орынбасар (60 келіге дейінгі салмақта) мен Азат Күмісбай (81 келіге дейінгі салмақта) қола жүлдегер атанды. 

Жалпы есепте отандық құрама 15-орынға табан тіреді. Бірінші орынды 6 алтын, 5 күмі» және 1 қола алған Жапония құрамасы иеленді. 

Еске салсақ, бұған дейін 12-13 қазан күндері Ақтауда дзюдодан әйелдер мен ерлер арасындағы Азияның ашық кубогы өтетінін жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар