Қазақстан ЕАЭО аясында зейнетақы заңнамасын өзгертпек емес
![None None](/static/img/plug.webp)
«Мен ЕАЭО экономикалық тұрғыдағы мәселелерде заңнамалық келісімге ықпал ететіндігін айтқым келеді. Қалған барлық заңнамалық база тұрақты қала береді», - деді ол.
Оның атап өтуінше, ЕАЭО саяси одақ емес. Сол себепті біздің елдеріміздің аумағында ыңғай саясат болмайды.
«Сондықтан әрбір мемлекетте әлеуметтік қорғау әр мемлекеттің басымдығы болып қала береді және біз зейнетақы заңнамасын өзгертпейміз», - деді ол. Ал сенатор Ахан Бижанов ЕАЭО аясында қызметтер мен жұмыс орындары нарығында еркіндік ашылғанымен, әр мемлекеттегі зейнетақы бұрынғы қалпында қала беретінін жеткізді.
«ЕАЭО құрылғаннан кейін қандай да бір азамат басқа мемлекетке, мәселен, баласына баратын болса немесе бізге келіп тұратын болса, онда зейнетақы сол қалпында қала береді. Яғни, Қазақстанға келсе не Ресейге барса, бұрынғы алған зейнетақысын алады. Бұл тұрғыда Ресей, Беларусь немесе Қазақстан тарапынан ешқандай кедергі, шектеу болмауы тиіс», - деді А.Бижанов.