15:57, 19 Мамыр 2009 | GMT +5
Қазақстан ЕҚДБ ынтымақтастық саласын кеңейтуге сенім артады ? ҚР Қаржы министрінің Лондонда сөйлеген сөзі
АСТАНА. Мамырдың 19-ы. ҚазАқпарат – Бұған дейін хабарланғанындай, Еуропа қайта құру және даму банкінің (ЕҚДБ) штаб-пәтерінде мамырдың 15-і мен 16-сы аралығында 2009 жылғы ЕҚДБ Басқарушылары кеңесінің жыл сайынғы отырысы болып өтті. Қазақстан делегациясын ЕҚДБ басқарушысы – ҚР Қаржы министрі Болат Жәмішев басқарып барды,

деп хабарлайды ҚР Қаржы министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.ЕҚДБ мұнай өңдеуді қоспағанда, Қазақстан экономикасының барлық салаларындағы ірі инвестор болып табылады. ЕҚДБ ынтымақтастығының негізгі салалары мыналар: жеке секторды дамыту және рыноктық экономикаға көшу; жер-жерлердегі инвестициялық ахуалды жақсарту; жобаларды тиісті корпоративті басқаруды енгізу; экологиялық орнықты дамыту болып табылады.1997 жылдан 2008 жылға дейінгі аралықта ЕҚДБ Қазақстан экономикасына 3 миллиард АҚШ долларынан астам қаражат салды және 60 жобаны қаржыландырды. Бүгінгі күні Қазақстанда ЕҚДБ займдарын тарта отырып, мемлекеттік сектордың 12 жобасы іске асырылуда.ЕҚДБ басқарушылары отырыстары сессияларының бірінде ҚР Қаржы министрі Б.Жәмішев сөз сөйледі. Отырысқа қатысушы ЕҚДБ мүше-елдерінің 63 өкілінің назарына Б.Жәмішев ҚР Үкіметінің экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру бойынша іс-қимыл жоспарын ұсынды. Ол Қазақстан ЕҚДБ-мен ынтымақтастық саласын кеңейтуге сенім артатынын атап өтті.2011 жылғы мамырда ЕҚДБ басқарушыларының отырысы Қазақстанда өтетін болады.