Қазақстан экономика өсімі қарқыны бойынша Ресейдің алдын орауда

АСТАНА. 5 қазан. ҚазАқпарат - Жыл басынан бері Қазақстан өз экономикасына сыртқы факторлардың негативті әсерін сезінуде. өсімнің төмендеуі бірқатар салада байқалады. Дегенмен, осыған қарамастан республиканың өсім қарқыны ТМД-дағы таяу көршілерден алда келеді.
None
None

Бүгін Астанада «Нұр Отан» ХДП-ның ҚР Парламенті Мәжілісіндегі фракциясының кеңейтілген жиналысында ҚР Экономикалық даму және сауда министрі Ерболат Досаев осылай мәлім етті.

Оның сөзіне қарағанда, ағымдағы жылдың 6 айында ЖІӨ 5,6 пайызға өсім көрсеткен. Бұл болжамды мақсатты 6 пайыздық деңгейден біршама төмен.

«Дегенмен экономика өсімі қарқыны бойынша Қазақстан Ресей, Украина және Беларусь елдерінің алдын орайтындығын атап өткім келеді», -  деді ол.

Министрдің мәліметтеріне қарағанда, ағымдағы жылдың 8 айында өнеркәсіп өсімі 0,7 пайызды құраған. Өсім қарқынының осыншалықты төмен болуы мұнай өндіру көлемінің 1,9 пайызға қысқаруымен түсіндіріледі.

Бұдан бөлек әлемдік экономикадағы тұрақсыздық қазақ елінің экспортқа шығаратын тауарларының сұранысын да біршама қысқартқан. Бұл металлургиялық өнімдер өндірісі көлемінің 2, ал темір кенінің 4,7 пайызға қысқаруына түрткі болған. Ағымдағы жылдың 7 айында Қазақстанның сыртқы сауда айналымы толықтай алғанда 17 пайызға артып, 78 млрд. АҚШ долларын құрады.

Соңғы жаңалықтар