13:46, 22 Сәуір 2013 | GMT +5
Қазақстан Экономикалық ынтымақтастық ұйымы елдерінің бірінші Универсиадасында бірінші орын алды
АСТАНА. 22 сәуір. ҚазАқпарат - 2013 жылдың 15-20 сәуірі аралығында Лефкоша (Кипр) қаласында Экономикалық ынтымақтастық ұйымы елдерінің бірінші Универсиадасы аяқталды.
Спорттық жарыстарға Қазақстан, Түркия, Қырғызстан, Пәкістан, Ауғанстан, Кипр елдерінің студенттері қатысты.
ҚР БҒМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, Универсиадада қазақстандықтар жалпыкомандалық 1-орыннан көрінсе, Түркия 2-орын, Әзірбайжан 3-орын алды. Қазақстан қоржынына 13 алтын, 7 күміс және 1 қола медаль түсті.
Қазақстан құрама командасына Қазақ спорт және туризм академиясы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті және Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекетті университетінің студенттері енді.