14:14, 03 Шілде 2012 | GMT +5
Қазақстан Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы стандарттарына сай инвестициялық ахуалын жақсартады
АСТАНА. 3 шілде. ҚазАқпарат - Қазақстан Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы стандарттарына сай инвестициялық ахуалын жақсартады. Бұл туралы бүгін елордада өткен Индустриялық форум барысында ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев мәлім етті.

Оның атап өтуінше, инвестициялық тартымдылық тұрғысында Қазақ елі ТМД-дағы көшбасшы болып отыр.
«Дегенмен біздің бәсекелестеріміз бір орында тұрмайды. Сондықтан да, Нұрсұлтан Әбішұлы, сіздің тапсырмаңыз бойынша Қазақстандағы инвестициялық ахуалды жақсарту бағытындағы жоспарлы жұмыстар жүргізілуде. Осыған орай біз жүйеміздегі басымдықтарды Экогомикалық ынтымақтастық және даму ұйымының стандарттарына сәйкестендірумен белсенді айналыстық. Аталған ұйымның сарапшылары Қазақстан үшін бірқатар ұсыныстар дайындады, олар енгізілетін болады», - деді министр.