18:22, 11 Ақпан 2009 | GMT +5
Қазақстан экономиканы құтқару үшін ұлттық валютаны девальвациялады
АСТАНА. Ақпанның 11-і. ҚазАқпарат – Қазақстандағы теңгенің девальвациясы шетелдіктердің үлкен қызығушылығын тудыруда.

Осы жылғы ақпанның 4-де банктің хабарлауы бойынша, Ұлттық банк теңгені бұған дейінгі деңгейде (1 АҚШ доллары = 117 ? 123 теңге) ұстап отырудан бас тартып, ұлттық валютаның айырбас бағамының жаңа деңгейге көтерілуін дұрыс деп санайды. «Ұлттық валютаның айырбас бағамының шегі долларға шаққанда 150 теңге, ал оның өсу-кемуі 3% немесе 5 теңге болады», делінген Ұлттық Банктің хабарламасында. Қазақстан Ұлттық банкінің теңге бағамына өзгерістер енгізуіне бірқатар себептер түрткі болған. Олардың біріншісі, мұнай бағасының түсіп кетуі. Мәлімдемеде, «өткен жарты жыл ішінде мұнай бағасының 3 еседен артық құлдырап кетуі, бағамдық деңгейді қайта қарауды қажет етеді» делінген. Екіншіден, Қазақстанмен сауда жасасатын әріптес елдердегі ұлттық валюталардың девальвациялануы. Мәселен, 2008 жылдың басынан бастап, 2009 жылдың қараша айында дейін АҚШ долларына шаққанда ұлттық валюталар Ресейде ? 44%-ға, Беларуста ? 28%-ға, Украинада ? 53%-ға, Ұлыбританияда ? 38%-ға, Еуроаймақта ? 13%-ға, Норвегияда ? 28%-ға, Бразилияда ? 31%-ға, Австралияда ? 27%-ға, Канадада ? 26%-ға девальвацияланған. 2008 жылғы 11 айдың қорытындысы бойынша, теңгенің айырбас бағамын нақты бекіту, саудадағы әріптес елдердің ұлттық валюталарына қатысты қарағанда 13%-ды құраса, 2009 жылғы қаңтардағы алдын ала мәліметтерді есепке алғанда ? 16% болды. Ал, 2000 бергі уақытта теңге бағамын нақты бекіту 30% құраған. «Отандық тауар өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін, айырбас бағамына түзетулер енгізілуі қажет. Қазақстанның 1998 және 1999 жылдың басындағы, сондай-ақ бәсекеге қабілеттілігінің төмендеп кетуімен бетпе-беп келген басқа да елдердің тәжірибелері, тауар өндірушілерді қолдауда, ұлттық валютаны девальвациялаудан басқа шаралардың тиімді емес екендігі белгілі болды. Теңгенің бір сәттегі девальвациялану деңгейі ағымдағы көрсеткіштің 23%-ынан аспайды, бұл аймақтағы басқа елдердің өз ұлттық валюталарын девальвациялауының орташа деңгейінен де төмен. Бұл, бір жағынан бәсекеге қабілеттілікті қалпына келтірсе, екінші жағынан теңге бағамының бұдан әрі де девальвациялануын шектейтін қосымша фактор болады», - деп атап өтті Қазақстан Ұлттық банкі. Үшіншіден, Таяу жылдарда сыртқы қарызды өтеу жөнінде берешегі мол екінші деңгейдегі банктер, нақты мемлекеттік қолдауға ие болды және олар ендігі жерде заңдық нормативтерді бұзбай жұмыс жасай беретін болады. Төртіншіден, валюталық дәлізді өзгерту Ұлттық банктің алтын валюта қорын сақтап қалудың мүмкіндігін ашады. «2008 жылдың IV-ші тоқсанынан бастап, бүгінгі күнге дейін, валюта рыногындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету және ағымдағы кезеңдегі айырбас бағамын қолдау үшін, (2009 жылғы қаңтардағы 2,7 млрд. долларды қоса есептегенде) Ұлттық банк 6 млрд. АҚШ доллары көлемінде қаржы жұмсады» - деп, хабарлайды Қазақстан Ұлттық банкі. Хабарланған бағдарға қол жеткен кезде девальвациялауды одан әрі күтудің әлеуеті тыйылады, деп есептейді Ұлттық банк. Қаржы жүйесіндегі теңге өтімділігі тапшылығының орын алуы, шетелдік валютаға деген сұраныстың алдын алуға негіз болады. Теңге мен әлемдік валюта рыногындағы (бірінші кезекте еуро-доллар жұбының қозғалысы) өтімділік жағдайларға байланысты, айырбас бағамы босаңсу жағына да, беку жағына да өзгеруі мүмкін. Ұлттық банк валюта рыногындағы орын алуы мүмкін алыпсатарлық әрекеттерге қатаң тыйым салады және айырбас бағамындағы тербеліс ахуалының алдын алып отырудан бас тартады (ұлттық валютаның бағамының бірте-бірте босаңсуы мен бекуі тексеріліп отырмайды). Алыпсатарлықты болдырмау, теңге бағамының тұрақтануы алыпсатарлыққа жол бермес үшін, теңгенің қазіргі деңгейінің ең төменгі шегіне дейін шығу құқын Ұлттық банк өзіне қалдырады. Бұдан басқа, қаржы рыногындағы тұрақтылықты сақтап қалу үшін, Қазақстан Ұлттық банкі қосымша шаралар қабылдады. Бірінші кезектегі шаралар негізінде, келесі іс-әрекеттер жүзеге асырылатын болады: 2009 жылғы ақпанның 5-нен бастап қайта қаржыландыру 9,5%-ға дейін кемітіледі, 2009 жылғы наурыздың 3-нен бастап, екінші деңгейдегі банктерге ең төменгі қор талабы ішкі міндеттер бойынша 2%-дан, 1,5%-ға дейін, басқа да міндеттер бойынша 3%-дан, 2,5%-ға дейін кемиді, бұл банк жүйесіне 50 млрд. теңгеге дейін қаржы алуларына мүмкіндік ашады; төлем жүйесінің де үздіксіз қызмет етуі қамтамасыз етіледі. Бекітілген құралдарға сәйкес, кепілге Ұлттық банк екінші деңгейдегі банктерге қажетті қысқа мерзімдік қаржы бөлуді жалғастыра беретін болады; айырбас пункттері Ұлттық банк тарапынан да, банктер тарапынан да жеткілікті көлемде шетелдік валюталармен қамтамасыз етілетін болады. Екінші деңгейдегі банктердің аймақтағы филиалдарында шетелдік валюталар жеткілікті көлемде. Ұлттық банк қосымша 600 млн. доллар қаржы жеткізді. Тиісінше, Қазақстанның аймақтары шетелдік валютамен қамтамасыз етіліп, халықтың сұранысы толығымен қанағаттандырылады.