Қазақстан экономикасы жарты жылда 4,1%-ға өсті: өңірлер арасында көш бастағандар кімдер
АСТАНА. KAZINFORM — Биылғы жылдың қаңтар-маусым айларында Қазақстанның жалпы ішкі өнімі 4,1%-ға өсті. Өңірлер арасында өсім қарқыны бойынша Ұлытау, Түркістан және Солтүстік Қазақстан облыстары көш бастады. Бұл туралы Стат бюро мәлім етті.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2026 жылғы қаңтар-маусымдағы өндіріс әдісімен ЖІӨ көлемі (есепті деректер бойынша) 71 215 382,4 млн. теңгені құраған.
Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда ЖІӨ нақты мәнде 4,1%-ға өсті. Жалпы өңірлік өнімнің (ЖӨӨ) өсу қарқынының ең жоғары көрсеткіштері Ұлытау (15,3%), Түркістан (13,3%) және Солтүстік Қазақстан (11,4%) облыстарында байқалды.
2026 жылғы қаңтар-маусымда ЖІӨ құрылымында ең үлкен үлесті Алматы қаласы (20,2%), Астана қаласы (12,5%) және Атырау облысы (11,7%) иеленді. ЖІӨ өсіміне ең жоғары үлесті Алматы қаласы (0,68 п.т), Астана қаласы (0,62 п.т) және Алматы облысы (0,47 п.т) қосты.
Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстан әлемдегі экономикасы дамыған ең ірі 50 мемлекеттің қатарына енгенін жазған болатынбыз.