Қазақстан экономикасын бюджет есебінен ынталандырып отыр – Дүниежүзілік банк

Послание-2023: как реализуются экономические инициативы Президента
Фото: Pixabay

АСТАНА. KAZINFORM – Дүниежүзілік банк Қазақстан экономикасына кезекті айлық шолуын жариялады.

«9 айда жалпы ішкі өнімнің жылдық мәндегі шынайы көлемі 4% өсіп, қалпына келді. Алғашқы жарты жылдықта 3,2%-ға дейін баяулаған болатын. Үшінші тоқсанда ғана экономикалық өсім жылдық мәнде кенет 5,6% өсті. Екінші тоқсандағы көрсеткіш 2,6% болған. Осылайша экономиканың өсу қарқыны 5,5% қалпына келді. Алдыңғы тоқсанда 1,6% болып түскен еді. 

Үшінші тоқсанда пандемиядан кейінгі кезеңдегі ең қуатты тоқсандық көрсеткіштер тіркеліп отыр. Экономика өсімінің қалпына келуіне бюджет шығындары негізгі қозғаушы күш болса керек. 9 айдағы шоғырландырылған бюджеттің шынайы шығындары 5,3% өсті», - деп жазылған шолуда.

Дүниежүзілік банк сарапшыларының есептеуінше, елдегі инвестициялық белсенділік өзгеріссіз қалып отыр. 

«Тауар экспорты жылдық мәнде 5,9% артып, экономикалық белсенділікке бәсең болса да қолдау көрсетті. 

Инфляция түсіп келеді. Бірақ баға қысым әлі сақталып тұр. Тұтыну бағалары қыркүйек айында жылдық мәнде 8,3%-ға дейін түсті. Қаңтарда бұл көрсеткіш 9,5% болған еді. Бұл ішкі сұраныстың төмендегенін көрсетеді. Айлық инфляция да үшінші ай қатарынан төмендеп келеді. Алайда мақсат еткен көрсеткіштен әлі де жоғары қалып отыр. 

Азық-түлік бағасы 5%-ға дейін түссе, азық-түлік емес тауарлар бағасы 7,6%-ға дейін төмендеген. Ал қызмет көрсету бағалары жоғары күйінде қалып тұр. Бұған еңбекақының шын мәнінде орнықты өсуімен байланысты кідірістер себеп болуы ықтимал», - деп жазады Дүниежүзілік банк мамандары.

Соңғы жаңалықтар
telegram