Қазақстан экономикасы ашық - ҚР Ұлттық банк төрағасы

МАТЫ. 9 қараша. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Қазақстандағы экспорт пен импорттың көлемі жалпы ішкі өнімнің деңгейімен бірдей.
None
None

Бұл жөнінде ҚР Ұлттық банк төрағасы Григорий Марченко бүгін Алматыда өткізген баспасөз мәслихаты кезінде айтты.

"Қазақстан экономикасы ашық. Ол ғаламдық экономиканың бір бөлігі. Бізде сататын және сатып алатын өнімдердің бағасы әлемдік тауар нарықтарында анықталады. Әзірге дағдарыс жоқ. Таяу уақыттарда оның екінші толқыны күтіліп отырған жоқ", - деді Григорий Александрович. Бас банкирдің айтуынша, экономикалық ахуалға ұзақ мерзімге болжам жасау қиын. Дегенмен қазір әлемдік нарықтағы шикізат бағасы айтарлықтай жоғары. Бұл Қазақстан үшін аса қолайлы болып тұр. Бұл жағдай қанша уақытқа созылатынын ешкім дәл айта алмайды.

Соңғы жаңалықтар