Қазақстан экономикасын ауқымды реформалау мемлекеттік кәсіпорындардың тиімділігін арттыруға мүмкіндік берді - Л.Жданавичюс
![None None](/static/img/plug.webp)
Шара барысында қарым-қатынастар орнатылғанына жиырма жыл толуы қарсаңындағы қазақстан-литва қатынастарын дамытудың бүгінгі жай-күйі мен перспективалары талқыланды.
Қазақстанның 20110 жылы ЕҚЫҰ-ға төрағалығының табысты өткенін айта келіп, Литва СІМ ЕҚЫҰ департаментінің директоры Ритис Паулаускас Литва осы Ұйымға өзінің төрағалығында басымдықтар сабақтастығын сақтап отырғанын атап өтті. Атап айтқанда, Қырғызстандағы жағдайды реттеуде елеулі ілгерілеушілікке қол жеткізілді.
Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығы қорытындыларына арнаған шолу баяндамасында Өзекті саясат институтының директоры Нэлля Жубасова тәуелсіздік жылдарындағы еіміздің негізгі жетістіктеріне тоқталды.
Литва СІМ ерекше тапсырмалар жөіндегі елшісі Витаутас Наудужастың пікірінше, соңғы кездері Қазақстан мен Литваның сауда-экономикалық байланыстары белсене дамып келеді. Бұған «Сәуле» алғашқы контейнерлік пойызын шығару дәлел.
Литва геосаясат орталығның сарапшылсы Людас Жданавичюс Қазақстан экономикасындағы ауқымды реформалар мемлекеттік кәсіпорындардың тиімдлігін елеулі арттыруға мүмкіндік бергенін атап өтті.
Шараға литвалық және қазақстандық сарапшылар, сыртқы саясат ведомстволары мен БАҚ өкілдері қатысты.