Қазақстан экономикасында жандану байқалады, жақсы мемлекеттік бағдарлама қабылданған әрі адами ресурстар да мол - ресейлік сарапшы, экономика ғылымдарының докторы Н.Парусимова

СТАНА. Қыркүйектің 14-і. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Қазақстан экономикасында өрлеу күтілуде. Бұл пікірді бүгін елордадағы Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетінде өтіп жатқан «ХХІ ғасырдағы әлемдік және Қазақстан экономикасының даму тенденциясы және басымдықтары» тақырыбында өтіп жатқан халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция барысында БАҚ өкілдеріне сұхбат берген ресейлік ғалым, экономика ғылымдарының докторы Надежда Парусимова білдірді.
None
None

«Қазақстан экономикасында қазірдің өзінде жандану байқалады, сіздерде өте жақсы мемлекеттік бағдарлама қабылданған және адами ресурстар да өте мол. Сондықтан менің ойымша, сіздердің экономикаларыңыздан өрлеу күту қажет», деді ресейлік ғалым.

Сонымен қатар қазіргі уақыттағы Ресей экономикасындағы жағдай біршама нашар болып отырғандығын тілге тиек еткен ол құлдыраудан кейінгі өсімнің байқалып отырған жоқтығын әрі ұзақмерзімді құлдырау тәуекелі де бар екендігін жасырмады.

«Ресей экономикасындағы қиындық негізінен оның аумағының үлкендігі мен халық санының көптігіне байланысты болып отыр», деді Н.Парусимова.

Соңғы жаңалықтар