Қазақстан экономикасының түрлі салаларына кадрларды даярлау сапасын жақсарту қажет - Мемлекеттік басқару академиясы
Осы орайда ректор мемлекеттік органдарда қызмет ететін азаматтардың біліктілігін арттыру мәселесі «Стратегия-2050» және Елбасының «Нұрлы жол» Жолдауы аясында жүктелген мақсаттарды жүзеге асыру тұрғысында айрықша маңызды екенін қадап айтты.
«Сондықтан біздің экономикамыздың түрлі салалары үшін кадрларды даярлау сапасын жақсарту үшін біздің әріптестер тарапынан елеулі күш-жігер қажет болуда», - деді ол академия қызметкерлеріне қаратып айтқан сөзінде.
Қазақстан ең бәсекеге қабілетті 30 елдің құрамына енуге талпынып отырғандығана тоқталған Б.Әбдірәсілов: «Әрине, тиімді мемлекеттік аппарат пен білікті мемлекеттік қызметкерлерсіз бұл мақсатқа жету екіталай. Сондықтан тапсырылған міндеттерді жүзеге асыруға жауапкершілікпен қарауға шақырамын»,- деді.