«Қазақстан-ЕҚЫҰ-2010» мемлекеттік кітабы жарық көрді

СТАНА. Шілденің 12-сі. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - ҚР Сыртқы істер министрлігінің қолдауымен Caspian Publishing House баспасы дайындаған «Қазақстан-ЕҚЫҰ-2010» мемлекеттік кітабы жарық көрді. Бұл туралы бүгін Астанада өткен апталық брифингте ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Асқар Әбдірахманов мәлім етті.
None
None

«Аталған топтама аясында тоғызыншы рет шыққан басылым, авторлардың пайымдауынша, биылғы жылы Қазақстанның қоғамдық өміріндегі ең маңызды оқиғасына арналған. Сыртқы саясат тақырыбымен қатар авторлар оқырмандар назарына еліміздің қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени дамуының жан-жақты сипаттамасын ұсынып отыр», - деді ресми өкіл.

Кітап қазақ, орыс, ағылшын тілінде басылып шықты.

«Кітаптың негізгі бөлімдерінің бірі еліміздің Тұңғыш Президентінің еуразиялық және ғаламдық қауіпсіздікті нығайтуға қосқан айтарлық үлесіне, сондай-ақ жақында Вашингтонда өткен Ғаламдық ядролық саммитте әлемдік қауымдастық тарапынан тиесілі мойындау тапқан еліміздің ядролық қарудан бас тартумен шектелмей, бейбіт сүйгіш саясатымызды одан әрі жалғастыра білген Елбасы шешімдерінің тарихи маңызына арналған», - деді А. Әбдірахманов.

Соңғы жаңалықтар