Қазақстан ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуі барысында ұйымның барлық бағыттары бойынша белсенді жұмыс атқаруы тиіс ? А.Кельчевский

АСТАНА. Ақпанның 17-сі. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - Бүгін «Риксос» қонақүйінде Бас редакторлар клубының мүшелері Астанадағы ЕҚЫҰ орталығының Елшісі Александр Кельчевскиймен кездесті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрғалық етуі қарсаңында, халықты ұйымның қызметінен хабардар ету мәселелеріне үлкен көңіл бөлініп отыр. Астанадағы ЕҚЫҰ орталығының жұмысы Қазақстанда сөз бостандығын қамтамасыз ету және тәуелсіз бұқаралық ақпарат құралдарын дамытуға бағытталып отыр. Басқосу барысында Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуі және Бас редакторлар клубының аталмыш Орталықпен өзара тиімді ықпалдастық мәселелері сөз етілді. А.Кельчевскийдің атап көрсеткеніндей, ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеяның қысқы сессиясына қазақстандық делегацияның ауқымды тобының қатысуы, біріншіден Қазақстанның парламентаризмді, соның ішінде ЕҚЫҰ-ның барлық кеңістігінде парламентаризмнің демократиялық қағидаттарын дамытуға үлкен көңіл бөліп отырғандығының белгісі. «Қазақстан 2010 жылы ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуге дайындық жүргізіп отырғандықтан, бұл аса маңызды. Қазақстан ұйымға төрағалық етуі барысында ЕҚЫҰ қызметінің барлық бағыттары бойынша белсенді жұмыс атқаруы тиіс. Бұл әрине, жауапты қызмет болмақ», - деді ол. Естеріңізге сала кетейік, ақпанның 19-20-сы күндері Вена қаласында Грекияның Сыртқы істер министрі Дора Бакояннистің төрағалық етуімен ЕҚЫҰ ПА-ның қысқы 8-ші сессиясы өтеді. Сессия барысында көтерілетін мәселелердің қатарында 2010 жылы Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуіне дайындық жұмыстары бар.
Соңғы жаңалықтар