Қазақстан ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуші ел ретінде, Ұйымның барлық кеңістігінде толеранттық, этникааралық бейбітшілік және конфессияаралық келісім идеясын алға жылжытуға өз үлесін қосады - Елбасы

СТАНА. Маусымның 29-ы. ҚазАқпарат - Бейбітшілік және келісім сарайында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен толеранттық және кемсітпеушілік жөніндегі ЕҚЫҰ-ның жоғары деңгейдегі конференциясының ашылуы болды, деп хабарлады ҚР Президентінің баспасөз қызметі.
None
None

Конференцияға қатысушылардың алдында сөйлеген сөзінде, Президент осы ғасырдың өткен соңғы онжылдығы мен алғашқы онжылдығы толеранттық ұғымына, ең бастысы, ЕҚЫҰ кеңістігіндегі нақты саясатқа едәуір өзгерістер алып келгеніне тоқталды.

- Этникааралық, мәдени, діни және өркениетаралық өзара іс-қимылдар жағдайы өзгергені кездейсоқтық емес, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысы Қазақстан, ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуші ел ретінде, Ұйымның барлық кеңістігінде толеранттық, этникааралық бейбітшілік және конфессияаралық келісім идеясын алға жылжытуға өз үлесін қосу ниетінде екендігін атап өтті.

- Біздің еліміз мұсылман әлемі мен Батыс арасындағы диалогты дамытуға барынша әрекет ететін болады және Өркениеттер альянсы достары тобының мүшесі болып табылады. 2008 жылы, біздің еліміздің бастамасы бойынша, Астанада «Ортақ әлемге: көп тарапты прогресс арқылы» атты Шетел сыртқы істер министрлерінің форумы өтті. Сондай-ақ, Қазақстан жаһандық конфессияаралық бейбітшілікті бекемдеуге қызмет ететін бірегей халықаралық форумды - Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының үш съезін жемісті өткізіп, оның бастамашысы мен ұйымдастырушысына айналды, - деді Президент.

Өркениатаралық диалогты нығайтудағы біздің еліміздің іс жүзінде қосқан үлесін ескере келіп, БҰҰ Қазақстанның 2010 жылды Мәдениеттер жақындасуының халықаралық жылы деп атау туралы ұсынысын белсенді қолдағаны кездейсоқ емес.

Нұрсұлтан Назарбаев аталған Конференция толеранттықты, кемсітпеушілік пен төзбеушіліктің барлық түрі бойынша күресті алға жылжыту үшін жаңа прогресивті идеялардың бастамашысы болатынына сенім білдірді.

Мемлекет басшысы Конференцияға қатысушылардың бәріне жұмыста табыс тіледі.

Соңғы жаңалықтар