Қазақстан ЕҚЫҰ-ға төрағалықты табысты атқарып жатыр - Түркия Президенті

амырдың 25-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Қазақстан ЕҚЫҰ-ға төрағалықты табысты атқарып жатыр.
None
None

Бұл туралы бүгін Қазақстан мен Түркия Мемлекет басшыларының келіссөздерінен кейінгі баспасөз мәслихатында Түркия Президенті Абдолла Гүл мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Өңірлік мәселелерге тоқталатын болсақ, келіссөздерде біздің өңірлерге қатысты көп мәселені талқыға салдық. Атап айтқанда, ЕҚЫҰ-ға төрағалықты Қазақстан өте табысты атқарып жатқанын атап өткім келеді. Бұл төрағалықты ЕҚЫҰ-ның барша мемлекеттері құрметтейді», деді А. Гүл.

Сондай-ақ Түркия Президенті 2010 жылы Қазақстанда өткізуге жоспарланып отырған ЕҚЫҰ саммитінің өте жақсы бастама екенін, сондай-ақ бұл шараға Түркия тарапы қолдау көрсететінін жеткізді. А. Гүл ЕҚЫҰ саммиті Ыстамбұлда бұған дейін табысты өткенін және 2010 жылы Қазақстандағы бұл саммит өте жоғары деңгейде өтетініне сенім білдірді.

Мұнымен қоса, Түркия басшысы Азия кеңесі Қазақстанның бастамасымен құрылғанын айта келе, бұл ұйымға келесі төрағалық тізгінін Түркия алатынын айтып өтті. «Қазақстанның алда Ислам конференциясы ұйымына төрағалық етуі өте маңызды жағдай», деді А. Гүл.

«Біздің ортақ ынта-жігеріміз арқылы мәселелердің шешілетініне сенімдімін. Сондықтан бұл іссапар өте маңызды», деді А. Гүл.

Соңғы жаңалықтар