Қазақстан электр энергиясын Қытай арқылы шетелге экспорттамақ

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Самұрық-Қазына» АҚ мен Қытайдың Мемлекеттік Электр желілері Корпорациясы арасындағы стратегиялық әріптестік туралы келісімге қол қойылды. Құжат бүгін елордада өтіп жатқан Қазақстан-Қытай іскерлік кеңесінде рәсімделді.
None
None

Келісім Қазақстан мен Қытайдың электр энергетика саласындағы әріптестігін кең көлемде нығайтып, электр желілері инфрақұрылымын салып, жаңа энергоресурстарды барлау мен игеруді қамтиды.

Құжатта төмендегі бағыттар бойынша зерттеу жүргізу мәселелері атап көрсетілген: Қазақстан мен Қытайдың электр энергетика саласында берік байланыс орнатып, парралельді жұмыс істеу қағидаларына көшу; Қазақстан аумағында жаңғыртымды қуат көздері және көмірмен жұмыс істейтін ірі жылу электр станцияларын салу; Қазақстаннан Қытайға электр қуатын жеткізуді ұйымдастыру; Қытай аумағы арқылы электр қуатын өзге елдерге экспорттау; Электр энергиясын жеткізуде тұрақты тоқтың ультражылдам кернеуінің озық технологияларын пайдалану; Қазақстандағы көмір, жел және күн ресурстарының өзара ықпалдастығы.

Қол жеткізген келісімдер аясында электр қуатының жабдықтары саласында технологиялар алмасып, Қазақстанда электр қуаты жабдықтарын шығаратын бірлескен өндіріс құру мүмкіндіктерін зерттеу жоспарланып отыр.

Құжатты «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма Төрағасы Өмірзақ Шөкеев пен Қытайдың Мемлекеттік Электржелілері Корпорациясы Директорлар кеңесінің төрағасы Лю Чженья рәсімдеді.

Соңғы жаңалықтар