«Қазақстан электролиз зауыты» 100-ден астам жаңашыл ұсыныс енгізді

деп хабарлады pm.kz сайты.
Соңғы енгізілген жаңалықтардың бірі - құймақалыптың конструкциясын өзгерту. Металл өңдеу үрдісінің бұл технологиялық өзгерісі кәсіпорынға 270 млн теңгеге дейін үнемдеуге мүмкіндік берген.
Кәсіпорын жаңашылдары өткен жылы жобалық 480 тонна алюминий құймасына шыдамаған құю пішінінің конструкциясын өзгертуді әзірлеген.
Бұрын орташа көрсеткіші бар-жоғы 16 тонна болатын құймақалыптардың «құлып» орналасқан жерінің маңайы жарылып істен шығатын, өндіріс ырғағы бұзылатын, өндірім тиімділігі төмендеп, бұл құйма пішінді ауыстыруға қосымша шығын жұмсауға әкеп соғатын.
Қайта өңдегеннен кейін құймақалыптың тиімділігі бес есе өсті. Жаңашыл ұсынысты енгізуден түскен жылдық экономикалық тиімділік 270 млн теңгені құрады.
Осы жаңашыл ұсыныс үшін «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ жаңашыл ұсыныстардың «Разионализатор.kz» республикалық конкурсында «Жылдың үздік жаңашыл шешімі» номинациясы бойынша бірінші орын алды. Конкурсты ел кәсіпорындарындағы өндірістік үрдістің тиімділігін арттыру жолында жаңашылдардың шығармашылық әлеуетін ынталандыру мақсатында «ҰТДА» АҚ өткізеді.
«ENRC тобындағы барлық кәсіпорындарда мемлекет тарапынан жоғары бағаланатын жаңашылдар қозғалысы кеңінен дамыған. Мемлекет кәсіпорындардан шығатын жаңа өндірістік шешімдер мен идеяларды ынталандырып, қолдауға баса назар аударады», - дейді «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ және «Қазақстан алюминийі» АҚ президенті Алмаз Ибрагимов.