Қазақстан Елшісі Алмаз Хамзаев Бельгия Королі Альберт ІІ-шіге сенім грамоталарын тапсырды

Сенім грамоталарын тапсырудың салтанатты рәсімі Лакен корольдік резиденциясында өтті.
Грамоталар тапсырылған соң Альберт ІІ қазақстандық Елшімен әңгімелесті, оның барысында екіжақты қазақстандық-бельгиялық қарым-қатынастардың жағдайы мен болашағы талқыланды.
Қазақстан мен Бельгия арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастар 1992 жылдың 25 тамызында орнатылды. Қазақстан мен Бельгия арасындағы саяси байланыстар дипломатиялық қарым-қатынастарды орнату кезінен бері жоғары қарқындылығымен және сындарлы диалогымен сипатталады. Дипломатиялық қарым-қатынастарды орнату кезінен бері ҚР Президенті Бельгия Корольдігіне 4 рет сапар жасаған (1993, 2000, 2006, 2010 жж.). Қазақстанға Бельгияның Премьер-министрі Ж.-Л.Деэн (1998 г.), Бельгияның мұрагер шаһзадасы Филипп (2002 ж., 2010 ж.) сапар жасады.