10:41, 04 Шілде 2009 | GMT +5
Қазақстан Елшісі Душанбеде Тәжікстанның энергетика және өнеркәсіп министрімен кездесу өткізді
АСТАНА. Шілденің 4-і. ҚазАқпарат - Кеше Қазақстан Республикасының Тәжікстан Республикасындағы Елшісі Әбуталіп Ахметов елдің энергетика және өнеркәсіп министрі Шералы Гулмен кездесті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тараптар Қазақстан Республикасы мен Тәжікстан Республикасы арасындағы саяси және сауда-энергетика салаларындағы ынтымақтастықты дамытудың жай-күйі мен келешегін талқылады.