Қазақстан елшісі Е.Бөлегенов Испания Парламенті комитетінің төрағасымен кездесті

АСТАНА. Ақпанның 18-і. ҚазАқпарат - Мадридте Қазақстан елшісі Ерғали Бөлегенов Испания Парламенті Депутаттар конгресінің Сыртқы істер жөніндегі комитетінің төрағасы Хосеп Антони Дуран и Ллейдамен кездесті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат сыртқы саясат ведомствосына сілтеме жасап. Әңгіме барысында Қазақстан дипломаты еліміздегі әлеуметтік-экономикалық ахуалдың жағдайы мен даму барысы туралы, еліміздің халықаралық бастамалары мен қоғамдағы демократиялық өзгерістер туралы, ұлтаралық келісім саласындағы жетістіктер мен аймақтық қауіпсіздікті нығайту және конфессияаралық диалогты дамыту жөніндегі бастамалар туралы әңгімелеп берді.Қазақстан Елшісі сондай-ақ, 2010 жылы Қазақстанның Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымына төрағалық етуі қарсаңында, елімізде былтыр қабылданған «Еуропаға жол» мемлекеттік бағдарламасы туралы хабардар етті. Берілген мәліметтер үшін дипломатқа алғысын білдірген Х. Дуран и Ллейда испан-қазақстан саяси қарым-қатынасын жаңаша деңгейге көтеру мәселесімен келісті және екі ел парламенттерінің арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға қолдау көрсетуге ниет білдірді.
Соңғы жаңалықтар