Қазақстан Елшісі Иордан Хашимит Корольдігінің Ханзадасына АӨІСШК-нің мерейтойлық медалін тапсырды

АСТАНА. 12 қазан. ҚазАқпарат - Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың АӨІСШК-ні шақыру туралы бастамасының 20 жылдығын мерекелеу шеңберінде Иорданиядағы Қазақстан Елшілігі мерейтойлық медальдарды тапсыру мақсатында Корольдіктің ресми өкілдерімен кездесулерді ұйымдастыруда.
None
None

2012 жылдың 11 қазанында Елші Болат Сәрсенбаев Иордан Хашимит Корольдігінің Ханзадасы Хасан бен Талалға АӨІСШК медалін тапсырды. Ханзада Хасан Азия құрылығы қарқынды дамып келе жатқан бүгінгі күні қауіпсіздік пен ықпалдастықтың тегіс қамтитын және тиімді институты анағұрлым қажет екендігін атап өтті. Осы орайда, оның пікірінше, АӨІСШК қауіпсіздіктің жаңа жаһандық келбетінде лайықты орын алуы тиіс.

Ханзада Хасан Иорданияның қазіргі монархы Абдалла ІІ-нің ағасы болып келеді, сондай-ақ Хашимиттік әулеттің жарқын өкілі, танымал ғалым және ойшыл болып табылады.  

 

Соңғы жаңалықтар