Қазақстан Елшісі Иордания Парламенті Мәжілісінің төрағасына АӨІСШК-нің мерейтойлық медалін тапсырды

АСТАНА. 10 қазан. ҚазАқпарат - 2012 жылдың 8-9 қазанында Иордан Хашимит Корольдігіндегі Қазақстан Елшісі Болат Сәрсенбаев
None
None

Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың АӨІСШК-ні шақыру туралы бастамасының 20 жылдығына арналған мерекелік медальдарды Иордания Парламенті Мәжілісінің төрағасы Әбділкәрім Дуғмиге, бұрынғы Сыртқы істер министрі Салахеддин Баширге және Король Протоколының басшысы Амир Фаизге тапсырды.

Иорданияның бетке ұстар саясаткерлері Мемлекет басшысының Азиядағы бейбітшілік, қауіпсіздік және тұрақтылыққа бағытталған ынтымақтастықты нығайтудағы баға жетпес еңбегін атап өтті.

Кездесулер барысында еліміздің сыртқы саяси бастамаларына, оның ішінде «EXPO 2017» халықаралық көрмесін өткізу бойынша Астананың кандидатурасына қолдау білдіру мәселелері талқыланды.

Соңғы жаңалықтар