09:19, 21 Желтоқсан 2009 | GMT +5
Қазақстан Елшісі Лихтенштейн Княздығының мұрагер бекзадасына сенім грамотасын табыс етті
АСТАНА. Желтоқсанның 21-і. ҚазАқпарат - Вадуцте Қазақстан Елшісі Мұхтар Тілеубердінің Лихтенштейн Княздығының мұрагер бекзадасы Алоиске сенім грамотасын табыс ету рәсімі өтті,

деп хабарлайды Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Рәсімнен кейін болған әңгімелесу барысында Қазақстан дипломаты бекзаданы Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығы міндеті туралы және Елбасының бастамашылығымен, ағымдағы жылы желтоқсанның басында Афиныда өткен ЕҚЫҰ Сыртқы істер министрлері кеңесінде қабылданған келесі жылы ЕҚЫҰ саммитін өткізу шешімі туралы хабардар етті.
Мұрагер бекзада өз кезегінде, Қазақстанның осынау беделді халықаралық ұйымға жақсы төраға болатындығына сенім білдірді және ЕҚЫҰ саммитіне қатысуға уәде берді.
Бекзада Алоис сондай-ақ, Президент Нұрсұлтан Назарбаевқа өзінің жылы лебізін жеткізуді сұрады.