Қазақстан Елшісі Ливан Республикасының басшылығымен кездесті

Онда мемлекеттің Премьер-министрі Кеңсесінің басшысы Мустафа Адибпен, Ливан Сыртқы істер министрлігі Саяси департаментінің директоры Шарбель Уахбемен және Қазақстан Республикасының Сирия Араб Республикасындағы Құрметті консулы Саеб Нахаспен кездесті.
Елші М.Адибпен кездесу барысында, Ливан Республикасының Премьер-министрі Наджиб Микатидің Қазақстанда өтетін 6-шы Астана экономикалық форумына қатысу мүмкіндігі және Қазақстан мен Ливан арасындағы ынтымақтастықтың одан әрі дамыту жолдары талқыланды.
Ш.Уахбемен Қазақстанның Ливандағы өкілі екі елдің Сыртқы істер министрліктері арасында өткізілуі жоспарланған саяси консультациялар жайында және Қазақстан мен Ливан арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың 20-жылдығына орай, үстіміздегі жылдың сәуір айында Бейрут қаласында концерт пен қабылдау өткізу жоспарлары туралы баяндады.
Ал Елшінің С.Нахаспен кездесуінде Сириядан Қазақстан азаматтарын шығару және Сирияның босқындары туралы сөз қозғалды. Сонымен қатар, Б.Сәрсенбаев Құрметті консулға Сириядан азаматтарымызды көшіруге қолғабыс еткені үшін алғыс айтты.