Қазақстан Елшісі мен Еуропалық халықтық партияның төрағасы саяси ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады

РЮССЕЛЬ. Ақпанның 25-і. ҚазАқпарат /Ержан Оспанов/ - Қазақстанның Бельгия Корольдігіндегі Елшісі, республиканың Еуроодақ және НАТО жанындағы миссиясының басшысы Ерік Өтембаев пен Еуропалық халықтық партияның төрағасы Уилфред Мартенс екіжақты саяси ынтымақтастықты әрі қарай дамыту және күшейту мәселелерін талқылады.
None
None

Еуроодақтың жетекші саяси күші болып табылатын Еуропалық халықтық партиясына Ангела Меркель жетекшілік ететін Германияның Христиан-демократиялық одағы және Сильвио Берлускони басқаратын «Халық бостандығы» итальяндық партия сияқты Еуроодақтың негізгі саяси партиялары кіреді.

Келіссөз барысында тараптар Қазақстан мен Еуроодақтың арасында Парламенттік ынтымақтастық комитетінің аясында екіжақты парламентаралық серіктестікті нығайту, оның ішінде «Нұр Отан» Халықтық-демократиялық партиясы мен Еуропалық халықтық партиясының арасындағы диалогты кеңейту мәселелерін талқылады.

Желтоқсанның 1-інде күшіне өткен Лиссабон келісімшартымен қарастырылған Еуропалық парламенттің өкілеттігін кеңейтуге қатысты пікірлер алмасылды. Тараптар, Еуропарламенттің ролін күшейту тұрғысында ынтымақтастықты тереңдету үшін жаңа мүмкіндіктер жасалып отырғанын атап көрсетті және өзекті мәселелер бойынша тәжірибе алмасып отыруға әзірліктерін білдірді.

Соңғы жаңалықтар